Меню

Страницы

Статья

Аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша алимент бойынша борышкерлер жауапкерауапкерлікке тартылды

Бүгінгі таңда Астрахан ауданы бойынша некені бұзу салдарынан 500-ден астам бала ата-анасынан өз күтіміне қаражат алады.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, осы күнге дейін борышкерлердің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға қасақана жалтару және табысын жасыру фактілері жоққа шығарылмайды.

Аудан прокуратурасыалимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындау кезінде заңдылықтың жай-күйін тұрақты негізде талдайды. 

Алимент төлеуден жалтарған 10 борышкерге қатысты қадағалау органының араласуынан кейін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Жүргізілген талдаумен кәмелетке толмаған балаларды 3 айдан артық асырауға алимент төлемеген борышкерлер анықталды.

Мысалы, азамат «И» алимент төлемеді, ресми жұмысқа орналасудан жалтарып, осылайша кірістерін жасырды. Осыған байланысты, Астрахан аудандық сотының қаулысы бойынша оған 5 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін борышкер "И" жергілікті ЖШС-нің біріне жұмысқа орналастырылды, онда кейіннен және қазіргі уақытта онымен кәмелетке толмаған баласын асырауға алимент төленеді.

Сонымен қатар, прокурорлық қадағалау актісі бойынша 2022 жылдың 4 тоқсанында ғана 900 000 теңгеден астам сомаға алимент бойынша берешек өтелді, жалпы бұл сома бір жыл ішінде 8 млн.теңгеден астам соманы құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларды 3 айдан артық асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ол 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу түрінде жазаны көздейді.

Осындай фактілер бойынша 2022 жылы полиция бөлімі алимент төлемейтін 2 адамға қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Аудан прокуратурасы борышкерлерге алимент төлеу және берешекті өтеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға кеңес береді, өйткені алимент төлеу әр ата-ананың борышы болып табылады. 

Бұл міндетті іске асыру аудан прокуратурасының ерекше бақылауында.

 

Дата публикации
01 февраля 2023
Дата обновления
01 февраля 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Хабарлама
22 октября 2026
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА - ЖОЛ ЖОҚ!
Ақпарат
22 октября 2026
ҚР мәслихаттары депутаттарын сайлаудың негізгі кезеңдері
Ақпарат
22 октября 2026
Мәслихаттар депуттаттарының сайлауы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы