Астрахан ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ 2023 жылғы көктемгі-дала жұмыстарына кепілдікпен берілетін дизель отынын жеткізу бойынша операторлыққа өтінімдерді қабылдау басталғаны мен аяқталуы туралы және қажетті құжаттардың пакетін қабылдайтынын хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылғы 11 қаңтардан 31 қаңтарға дейін.
Қатысушыларға (әлеуетті операторларға) келесі құжаттар ұсынуды ұсынамыз:
1) МӨЗ-ден мұнай базасына дейін отынды тасымалдау бойынша есеп (шығындар калькуляциясы), мұнай базасы мен АЖС-тан босату бағасын көрсете отырып, ЖЖМ операторының коммерциялық ұсыныстары;
2) Салық қызметтерінен бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтама;
3) Мерзімі өткен кредиторлық берешектің жоқ екендігі туралы банктің анықтамасы;
4) Мүлікке ауыртпалықтың жоқ екендігі туралы анықтама;
5) Бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада оператордың банктік шотынан қаржы қаражатының бар екендігі туралы үзінді көшірме немесе екінші деңгейдегі банктен кредит желісін ашу туралы ниет хаты;
6) Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтауға және босатуға арналған мұнай базаларының болуы;
7) қажет болған жағдайда дизель отынын АШТӨ-ге уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензин тасушылардың болуы;
8) автожанармай құю станцияларының болуы және АШТӨ үшін дизель отынын талон жүйесі бойынша босату жөніндегі келісім ;
9) әлеуетті Оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы ауданының ауыл шаруашылық бөліміне күн сайын ақпарат беруге міндетті;
10) дала жұмыстары кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат.