Құрметті аудан тұрғындары және қонақтары!
2022 жылғы 24-25 қараша аралығында ауданда "Қыс-2022" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауларына сәйкес, қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының күштерімен практикалық іс-қимылдарды пысықтаумен іс-шаралар өткізілетін болады.
Көрсетілген кезеңде Астрахан және Новочеркасское аулында арнайы, инженерлік және қосалқы техника бағандарының жүруі, сондай-ақ құлақтандыру жүйесін (электр сиреналарының дыбыстық сигналдары) іске қосулуы мүмкін болады.
Осыған байланысты, Сіздерден дүрбелеңге түспеуіңізді сұраймыз, бұл іс-шаралар оқу-жаттығу шеңберінде өткізіледі!
Астрахан ауданының ТЖБ