ХАБАР
2026 жылғы 12 сәуірде Астрахан ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Астрахан аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Астрахан ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде, сайлау қорытындыларын анықтады:
Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 763 азамат енгізілді, олардың 521-рі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 12, «Бәріне қарсы» деген жолда - 34.
Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:
Аскаров А.А. - 99; Ашкенов В.К. - 83; Мухаметжанов Т.К. - 293.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып сайланды, Мухаметжанов Тимур Кайырсерикұлы, 1979 жылы туған, "Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы агробизнес және сервис колледжі" МКҚК заңгері, Астрахан ауылдық округінің, Астрахан ауылында тұрады, "Қазақстан халық партиясы" қоғамдық бірлестігімен ұсынған.
Астрахан аудандық сайлау комиссиясы, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45 бабына сәйкес, 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 21/81 шешімімен Астрахан ауданының Қызылжар ауылдық округінің 2026 жылғы 12 сәуірде сайланған әкімін тіркеді.
Астрахан аудандық сайлау комиссиясы