Қоғамдық сервитутты белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1-тармақшасынажәне 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес:

  1. «Petroretail PFS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін алып қоймай, жалпы ауданы 0,0398гектар, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылының шекарасында, №1126 Екатеринбург - Алматы трассасында жерасты су құбырына қызмет көрсету үшін 15 жыл мерзімге қоғамдық сервитут белгіленсін.
  2. «Petroretail PFS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінеосы өкім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде «Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiмен жер учаскелерiн шектеулi мақсатта пайдалану (қоғамдық сервитут) құқығы туралы келiсiм жасассын.
  3. Осы өкімқол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

           

 

Астрахан ауылдық округінің                                                 К. Аркенов    

әкімі 

                                       

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2026