Хабар Астрахан ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округінің шекараларын құру, Астрахан ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы

 

Астрахан ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің

кезекті сайлауы бойынша сайлау округінің шекарасын құру,

Астрахан ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

орналасқан жері мен құрамы туралы

                                                       Хабарлама                                                      

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6 тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Астрахан ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 4 наурыздағы «Астрахан ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы» № 5/42 қаулысына сәйкес, Астрахан ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы, Астрахан ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз:

 

Астрахан ауданының Қызылжар ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы бойынша сайлау округі – Қызылжар ауылдық округінің шекарасындағы Қызылжар сайлау округі;

 

Астрахан ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Орналасқан жері: Астрахан а., Әл-Фараби көшесі, 48, тел. 8 (71641)     2-30-88

Комиссия төрағасы – Сағынаев Балташ Серікұлы; төрағасының орынбасары – Алтаев Балтабек Қалымтайұлы; хатшысы –Құсайынов Қанат Дүйсекейұлы; комиссия мүшелері - Беков Ерлан Жандарбекұлы, Хабибулина Татьяна Анатольевна, Салықбаева Марал Серікқызы, Смирнова Светлана Ивановна.

 

 

Астрахан ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
05 марта 2026