Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру
Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар!
«Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2026 жылғы 10 наурыз сағат 11:00-де (жергілікті уақыт бойынша) www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі - Портал) бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Аукционды өткізу шарттары.
Бағаны көтеру сауда-саттығына (аукционына) қатысушылар сауда-саттық (аукцион) басталғанға дейін 1 (бір) сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді, бастапқы бағадан төмен болмайтын сауда-саттық (аукцион) объектісі үшін өзінің баға ұсынысын көрсетеді.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатудың мынадай объектілері шығарылады::
|
№ |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты |
Аумағы, га |
Аукционды өткізу күні мен уақыты |
Жылдық жалдау сомасы (теңге) |
сауда-саттықты өткізу түрі, тәсілі |
Бастапқы (төменгі) бағасы (теңге) |
Кепілдік жарнаның көлемі (теңге) |
|
1 |
Астрахан ауданы, Лозовое ауылы, Степная көшесі, 101/1 учаске |
Мал шаруашылығы фермасын салу үшін |
7,5000 |
2026 жылғы 10 наурыз 11:00сағат |
25 200 |
аукцион, ағылшын |
910 800 |
216 250 |
Жер пайдалану құқығын сату шарттары:
Аукционда жеңіп шыққан жағдайда қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілдік жарна болып табылады:
1) аукционның нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
2) аукционның нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасау;
3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындау.
Осы жер учаскелеріне шектеулер: санитарлық, экологиялық және тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану нормаларының сақталуы, уәкілетті органдарға, шектес жерді пайдаланушыларға жер асты және жер үсті коммуникацияларын салып пайдалануға бөгет жасамасын.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және оған сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
Берілген жер учаскесінің шекарасынан инженерлік коммуникацияларды ауыстыру жеке жүргізіледі, яғни сауда-саттықтың жеңімпазы.
Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:
Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетілген, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің ең төменгі бағасының бес пайызын, бірақ кемінде елу айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұл ретте әрбір сауда объектісі бойынша кепілдік жарна жеке енгізіледі.
Төлемді алушы: "Ақпараттық-есептеу орталығы" акционерлік қоғамы; БСН: 050540004455. "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дағы есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ226018871000394291; БИК: HSBKKZKX; КНП: 857; КБЕ: 16.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады. Сауда-саттыққа қатысу үшін тізілімнің веб-порталында келесіні көрсете отырып алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН), Тегі, Аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН), толық атауы, Бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі банк шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефоны, факс, е-mail).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Аукционға қатысуға өтінімдерді қабылдау және аукционға қатысушыларды тіркеу сайтта хабарланған күннен бастап жүргізіледі https://e-qazyna.kz/kk
Сауда-саттықты(аукциондарды) өткізу тәртібі туралы мәліметті және қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Астрахан ауданы әкімдігінің http://astrahan.gov.kz/ нтернет-ресурстарында немесе «Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-нің 8(71641)23865 телефон нөмірі бойынша алуға болады.
«Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ