Түсіндірме жазба

«Үгіттік баспа материалдарын

орналастыру үшін орындарды белгілеу

және сайлаушылармен кездесуі үшін

кандидаттарға үй-жай беру туралы»

Астрахан ауданы әкімдігінің

2021 жылғы 27 сәуірдегі № 96 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесуі үшін кандидаттарға үй-жай беру туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 96 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8448 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

          көрсетілген қаулының 1 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

          «1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.»

          көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудан әкімі                                                                                                Т. Ерсейітов

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Астрахан аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

________________Б. Сағынаев

 

Дата публикации
23 февраля 2026