Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жай беру туралы

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі      № 107 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 мамырда № 7164 болып тіркелді

     

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
  2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін, шарттық негізде, үй-жай берілсін.
  3. Астрахан ауданы әкімдігінің "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және сайлаушылармен кездесу үшін кандидаттарға үй-жай беру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы № 289 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданының әкімі

Н.Сейілов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы

Б.Рахимов

Дата публикации
30 ноября 2020