Викторина

Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында 2026 жылдың 30 қантарында Астрахан ауылының №1 мектеп-гимназиясында және № 2 жалпы білім беретін мектебінде  "Сайлау заңнамасының беттерін аралау" тақырыбында викторина отті.Бұл іс-шараның мақсаты – болашақ сайлаушыларды сайлау заңнамасымен таныстыру, сайлау үдерістеріне қызығушылық пен оған қатысуға деген ұмтылысты ынталандыру. Викторина Астрахан аумақтық сайлау комиссиясы, және жас сайлаушыларклубы  мүшелерінің қатысуымен өткізілді. Оқушылар  алдында АСК төрағасы Б.Сағнаев  сөз сөйлеп, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның жалпы ережелерімен таныстырды. Әрі қарай викторина өтті, оның барысында оқушылар Астрахан аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері дайындаған сұрақтарға жауап берді.Жалпы, викторина қызықты және танымды болды. 

 

 

Дата публикации
30 января 2026