2026 жылдың 29 қантарында Астрахан ауылында, Агробизнес және сервис колледжінде, Астрахан аудандық сайлау комиссия мүшелерімен, жас сайлаушылар клубының мүшелерінің қатысуымен Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар өткізді. Іс-шараға Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Агробизнес және сервис колледжі" МКҚК директорының орынбасары Поплавская Н.Г., колледж ұстаздары қатысты.Іс-шаралар барысында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б. Сагнаев сөл сөйлеп, студенттерге Дүниежүзілік сайлау күні туралы және аудан бойынша откізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.Әрі қарай сайлау комиссия төрағасының орынбасары Б. Алтаев студенттеррге "Сайлау процессінің ашықтығы мен тәуелсіздігі" тақырыбында дәріс өкыды.Іс-шара жоспары, студенттер арасында «Сайлау демократиялық мемлекет құрудың негізгі нысаны ретінде» тақырыбында, пікірталас өтуімен жалғастырылды. Пікірталасты жас сайлаушылар клубының мүшесі Ибраева Ж. ұйымдастырып өткізді. Пікірталаста студенттер екі топқа бөлініп, тақырып бойынша өзі ойларын ортаға салды. Пікірталас соңында әділқазылар жеңімпаздарды анықтады.