Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 8С-24-3 «Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 тамыздағы № 8С-24-3   «Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

          Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының «Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 23 тамыздағы № 8С-24-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8019 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

               «Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын  айқындау туралы»;

      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

          «Астрахан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары»;

          көрсетілген шешімнің қосымшасында:

          4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.»;

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «5. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі (бес) 5 пайыз мөлшерінде айқындалды.

          Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші нормалар шегінде т.б. Қағидалардың 4-1-тармағында белгіленген нормалар  шегінде есептейді.».

  1.   Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік  он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
15 декабря 2025