«Сайлау учаскелерін құру туралы» Астрахан ауданы әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 177, № 184 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 177 сайлау учаскесі
Учаскенің орналасқан жері: Зеленое ауылы, Молодежная көшесі, 21, «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Зеленое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Зеленое ауылының аумағы, Шілікті ауылының аумағы».
«№ 184 сайлау учаскесі
Учаскенің орналасқан жері: Колутон ауылы, Кенесары көшесі, 12, «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралары: Колутон ауылының аумағы, Бірлік ауылының аумағы».
№ 176, №183 сайлау учаскелері алынып тасталсын.
Т. Ерсейітов
«КЕЛІСІЛДІ»
Астрахан аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы
______________ Б. Сағынаев