«Мүгедектерді арнайы көлікпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 287 Бұйрығына
қосымша

Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидалары(бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының жиырмасыншы абзацына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы (бұдан әрі – портал) – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      2) есту аппараты – мүгедектерге медициналық көрсетілімдерге байланысты берілетін және құлақ ішіндегі, түтік ішіндегі, құлақ сыртындағы, қалтадағы, көзілдірік ұясындағы, ауыстырып қондырылатын, ауа және сүйек арқылы дыбысөткізгіш болып бөлінетін микрофоннан, күшейткіш-түрлендіргіштен және телефоннан (динамика) тұратын электроакустикалық құрылғы;

      3) есту аппаратын, сөйлеу процессорын ауыстыру – ауыстыру мерзімін ескере отырып есту аппаратымен, сөйлеу процессорымен қамтамасыз ету;

      4) есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар балаларды кохлеарлық имплантациядан кейін есту-сөйлеуге бейімдеу – сурдологиялық зерттеп-қарауға, консультация беруге, сөйлеу процессорын баптауға, оларды пайдалануды оқытуға және жаттықтыруға, әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізуге, естуді қабылдауды, ауызша сөйлеуді және танымдық қызметті дамытуға бағытталған ата-аналар (заңды өкілдер) қатысатын іс-шаралар жүйесі;

      5) кохлеарлық имплант – ішкі құлақтың жоқ немесе зақымдалған есту рецепторларының функциясын атқаратын және бас миының есту орталығына электрлік импульстерге түрленген дыбыстық ақпарат беретін медициналық аспап;

      6) кохлеарлық имплантация – бұл естуді қалпына келтіруге және терең есту мүкістігі немесе саңыраулығы бар адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған іс-шаралар жүйесін электродтық естуді протездеу түрі;

      7) кохлеарлық имплантқа арналған сөйлеу процессоры – кохлеарлық имплантқа берілетін механикалық табиғаттың дыбыс толқынын электрлік импульсқа айналдыратын күрделі электрондық медициналық құрылғы (бұдан әрі – сөйлеу процессоры);

      8) күрделі протездік-ортопедиялық құралдар – корсеттер, аппараттар, туторлар, жамбасты мүшелегендегі, қол мен аяқтың қысқа және ұзын тұқылдарындағы протездер, қатты бекітілетін протездер, ортопедиялық аяқ киім;

      9) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішісіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет;

      10) протездік-ортопедиялық көмек – мүгедектігі бар адамдарды протездiк-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі медициналық-техникалық көмектің мамандандырылған түрі және оларды пайдалануды үйрету;

      11) техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар (бұдан әрі – ТКҚ) – протездік-ортопедиялық құралдар – аяқ-қолдың жоқтығын немесе дененің басқа да мүшелерін алмастыратын, аурудың немесе денсаулыққазақым келудің салдарынан организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларының орнын толтыратын құралдар;

      сурдотехникалық құралдар – есту қабілетінің бұзылуын түзеуге және оның орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, сондай-ақ дыбысты күшейтетін байланыс және ақпарат беру құралдары;

      тифлотехникалық құралдар – мүгедектігі бар адамдардың көру қабілетінің бұзылуы салдарынан жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;

      міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялық мұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар;

      12) ұсақ протездік-ортопедиялық құралдар – бандаждар, супинаторлар, пронаторлар, балалардың профилактикалық шалбарлары;

      13) арнаулы жүріп-тұру құралдары (бұдан әрі – кресло-арбалар) – мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруын қамтамасыз ететін техникалық көмек түрі;

      14) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Қордың қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

  1. Мүгедектігі бар адамдарды, 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары (бұдан әрі – ҰОС қатысушылары) 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – ҰОС мүгедектігі бар адамдары), сондай-ақ ҰОС мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, ОТҚ және кресло-арбалармен қамтамасыз ету осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге арналған өтініштің (бұдан әрі – өтініш) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге сәйкес әзірлеген мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының (бұдан әрі – АОЖБ) әлеуметтік бөлігінің негізінде мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      ҰОС қатысушылары өтінішке "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 34 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27505 болып тіркелген) сәйкес медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындысын қоса береді.

  1. ҰОС қатысушылары мен ҰОС мүгедектігі бар адамдары, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдар, мүгедектігі бар адамдар немесе олардың заңды өкілдері не мүгедектігі бар адамнан протездік-ортопедиялық көмек, ОТҚ және кресло-арбалар ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу құқығына сенімхат алған адамдар (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);

      3) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);

      4) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы).

      Проактивті қызмет арқылы рәсімдеу кезінде өтінішті ұсыну талап етілмейді.

      "Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" проактивті қызмет көрсету тәртібі 2-тараудың 2-параграфында, "Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" 4-тараудың 2-параграфында, "Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" осы Қағидалардың 6-тарауының 2-параграфында көзделген.

      "Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсету тәртібі 2-тараудың 3-параграфында, "Мүгедектігі бар адамдарға техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" 4-тараудың 3-параграфында, "Мүгедектігі бар адамдарды жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" осы Қағидалардың 6-тарауының 3-параграфында көзделген.

  1. Қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы өтініштерді "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің кезегінің электрондық журналына (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) олардың түсу ретіне қарай тіркейді.

      Протездік-ортопедиялық көмек, ОТҚ және кресло-арбалар ұсыну портал немесе мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылады.

  1. Протездік-ортопедиялық көмекпен, ОТҚ және кресло-арбалармен қамтамасыз ету осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес протездік-ортопедиялық құралдарды, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын алған күннен бастап оларды ауыстыру мерзімдерін ескере отырып, "Е-собес" ААЖ-да бастапқы тіркелген өтінішке сәйкес АОЖБ іс-шарасын іске асыру мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

      Мүгедектігі бар адамға, ҰОС қатысушысына және ҰОС мүгедектігі бар адамына, сондай-ақ ҰОС мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамға (бұдан әрі – алушы) "Е-собес" ААЖ-мен протездік-ортопедиялық құралдарды, ОТҚ және кресло-арбаларды ауыстыру мерзімдерін ескере отырып, кезекке қою үшін оларды ауыстыруға келісім беруге сұрау салумен смс-хабарлама жіберіледі.

      Алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен ауыстыруға немесе ауыстырудан бас тартуға келісімін растайды.

      Алушыдан келісім алған немесе алушыдан жауап болмаған кезде сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде алушы протездік-ортопедиялық құралдарды, ОТҚ және кресло-арбаларды ауыстыруға кезекке енгізіледі.

  1. Жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 937-бабына(Ерекше бөлім) сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, ОТҚ және кресло-арбалармен жұмыс берушінің қаражаты есебінен АОЖБ-ға сәйкес қамтамасыз етіледі.
  2. Жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек, ОТҚ және кресло-арбалар Кодекстің 162-бабының 5-тармағынасәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен беріледі.
  3. Мүгедектігі бар адамдарға берілген ОТҚ кресло-арбаларды сату және басқа адамға беруге жатпайды.
  4. Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс орталығына, Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жолдайды.

2-параграф. "Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" проактивті мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

  1. Кодекстің 12-бабы 5) тармақшасыныңжиырма екінші абзацына сәйкес уәкілетті орган бекіткен Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – МӘС Қағидалары) сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну жөніндегі іс-шараларды қамтитын АОЖБ "Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптастырылғаннан кейін ОЖБ-ның деректері автоматты түрде "Е-Собес" ААЖ-ға беріледі және мүгедектігі бар адамның немесе оның заңды өкілінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) абоненттік құрылғысына мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салумен смс-хабарлама жіберуге бастамашылық жасалады.

      Көрсетілетін қызметті алушы смс-хабарлама арқылы тиісті кодпен проактивті қызмет көрсетуге келісімін немесе бас тартуын растайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыдан проактивті қызмет көрсетуге келісім алған кезде оған осы қызметті ұсынуға құжаттардың рәсімделгенін растау туралы смс-хабарлама жіберіледі.

      Проактивті қызмет арқылы протездік-ортопедиялық көмекті ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеуге өтініш берген күн осы қызметті ұсынуға құжаттарды рәсімдеуге келісім алған күн болып саналады.

      Қызметті көрсету мерзімі келісу түскен күннен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыдан жауап болмаған жағдайда, сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сұрау жойылады және көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне жүгіну себебі мен қажеттілігін көрсете отырып, протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.
  2. Көрсетілетін қызметті алушы проактивті қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына "Е-Собес" ААЖ-дан санаторий-курорттық емдеуді ұсыну үшін құжаттарды ресімдеудің мүмкін еместігі туралы Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне жүгінудің себебі мен қажеттілігін көрсете отырып смс-хабарлама жіберіледі.
  3. Көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін алу кезінде қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің маманы

      "Е-Собес" ААЖ көрсетілетін қызметті алушыны оның абоненттік құрылғысына смс-хабарлама арқылы протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу жөнінде қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

  1. Көрсетілетін қызметті алушыға жіберілген смс-хабарламалар осы Қағидаларға 7-қосымшағасәйкес нысан бойынша смс-хабарламалар электрондық журналында тіркеледі.
  2. Протездік-ортопедиялық көмекті проактивті қызмет арқылы ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін ақпараттық жүйелерге сұрау салулар "Е-Собес" ААЖ-дан автоматты түрде жүзеге асырылады.

3-параграф. Веб-порталы арқылы "Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші қалалық басқармаға, жұмыспен қамту бөліміне өтінішті осы Қағидаларға 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жолдайды.

      Өтініш "электрондық үкімет" шлюзі арқылы берілген кезде:

      1) жеке басты куәландыратын құжат туралы не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) АОЖБ-да әзірленген іс-шаралар туралы мәліметтерді автоматты түрде қалыптастыру үшін мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі сұратылады.

      Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі портал хабарламасына жауап ретінде бір реттік пароль беру немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен пайдаланушының порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен алады.

  1. Қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі өтініш берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолдайды.
  2. Осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген мәліметтер сәйкес келген жағдайда, қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды, қорытындысы бойынша өтініш берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама береді.

      Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде калалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама алдын ала, бірақ мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге қалалық басқарманың, жұмыспен қамту бөлімінің уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

  1. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.
  2. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту осы Қағидаларға 4-қосымшағасәйкес Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету тәртібі

  1. Протездік-ортопедиялық көмек көрсету өңірлеріндегі, оның ішінде олар порталда көрсеткен протездік-ортопедиялық көмек қызметтерін беруші (бұдан әрі – ПК беруші) протездік-ортопедиялық құралдарды дайындау үшін өлшеу жүргізе отырып, тапсырыстар қабылдауды қамтамасыз етеді.

      ПК беруші дайындалатын протездік-ортопедиялық құралдың сипаттамаларына байланысты стационарлық протездеу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

  1. Стационарлық протездеуге шақыру алдын ала жіберіледі. Бастапқы стационарлық протездеу жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады. Қайта стационарлық протездеу жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Стационарлық протездеу кезінде ПК беруші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша протездеу тарихынан үзінді көшірмені толтырады.

  1. Өтініш берушінің қалауы бойынша тапсырыстар үйде қабылданады. ПК берушінің шығуы үшін шығыстарды төлеу өтініш берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  2. Протездеуге келген алушылар ПК берушіге:

      1) жолдама-емдеуші дәрігердің ұсынымын, бастапқы протездеу кезіндегі ауру тарихынан үзіндіні;

      2) алғашқы протездеу кезіндегі рентген суреттерді;

      3) мүгедектің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын;

      4) кеуде клеткасын флюорографиялық тексеру нәтижелері туралы дәрігердің қорытындысын ұсынады.

  1. ПК беруші протездік-ортопедиялық көмек көрсету кезінде осы Қағидаларға 9-қосымшағасәйкес нысан бойынша протездік-ортопедиялық бұйымдарға протездеу картасын (бұдан әрі – протездеу картасы) ашады.

      Толтырылған протездеу картасы және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша протездік-ортопедиялық бұйымдарға тапсырыс бланкісі (бұдан әрі – тапсырыс бланкісі) жеке тапсырыс бойынша протездік-ортопедиялық құралдарды дайындау және оларды беру тәртібін регламенттейтін есептік құжаттар болып табылады.

      Протездеу картасы тұрақты, тапсырыс бланкісі 5 жыл сақталады.

  1. Міндетті түрде өлшеп көруді талап ететін дайын протездік-ортопедиялық құрал алушының жеке өзіне беріледі. Өлшеп көру талап етілмейтін жағдайларда алуға сенімхат болған кезде басқа адамға құралды беруге жол беріледі не ол мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен алушының тұрғылықты жері бойынша жіберіледі.
  2. Күрделі протездік-ортопедиялық құралдар кезектілік тәртібімен тапсырыстар өндіріске тапсырылған күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде дайындалады.
  3. Ұсақ протездік-ортопедиялық құралдар кезектілік тәртібімен тапсырыстар өндіріске тапсырылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде дайындалады.
  4. Алушының өлшеп көруге келуін күту кезінде құралдың жатып қалған уақыты протездік-ортопедиялық құралдың дайындалу мерзіміне енгізілмейді.
  5. Протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге жол жүрумен, ӨҚ жеткізушісінің медициналық стационарға жатқызумен, протездеу уақытында болуымен байланысты шығыстарды ПК беруші мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төлейді.
  6. Жол жүру (ПК берушіге дейін және кері қарай) темір жол бойынша қатты плацкарт вагонының, купе вагонының (жұмсақ дивандары төмен орналасқан екі орындық купелі, жатын вагонының жағдайын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолары бар вагондарды қоспағанда), мүгедектігі бар адамдарға арналған және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жол жүруге жеңілдігі бар мамандандырылған вагонның, су жолдары бойынша – екінші сыныпты тариф бойынша, шосселік немесе топырақты жолдар – ұсынылған билет немесе теміржол вокзалының, автовокзалдың, кемежайдың кассасы берген жол жүру құны туралы анықтама негізінде белгіленген тарифтер бойынша өтеледі.
  7. Протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге алушылардың жол жүруіне ақы төлеу, шығыстары тек бір жол жүргені үшін өтелетін ұсақ протездік-ортопедиялық құралдарды алушыларды қоспағанда, жылына кемінде екі жол жүргені үшін жүргізіледі. Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға немесе мүгедектігі бар балаларға ілесіп жүрушілерге протездік-ортопедиялық көмек көрсетуге бір ғана жол жүру шығыстары өтеледі.

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес, мүгедектігі бар
адамдарды протездік-
ортопедиялық көмекпен,
техникалық көмекші
(компенсаторлық) құралдармен,
арнаулы жүріп-тұру
құралдарымен, оларды
ауыстыру мерзімдерін қоса
алғанда, қамтамасыз
ету қағидаларына
13-қосымша

 

"Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) Астана, Алматы және Шымкент қалаларының (бұдан әрі – қалалық басқармалар), аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері);
3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы (бұдан әрі – абоненттік құрылғысы) – проактивті қызмет);
4) www. egov. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) Мемлекеттік корпорацияға, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінген кезде – құжаттар топтамасы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні; проактивті қызмет көрсетілген кезде – келісім түскен күннен бастап бес жұмыс күні;
веб-портал арқылы жүгінген кезде – бес жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут;
3) Мемлекеттік корпорацияда өтініш берушіге қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдерінде – 30 минут.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде/проактивті/электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Мүгедектігі бар адамдарға арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының абоненттік құрылғысына смс-хабарлама жіберу арқылы қабылданған шешім туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті адамның (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияның – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның кезекші халыққа қызмет көрсету бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті веб-порталы арқылы броньдауға болады;
2) қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және дайын болған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның кезекші халықты жұмыспен қамту бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
3) веб-порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік корпорацияда, қалалық басқармаларда және жұмыспен қамту бөлімдерінде:
1) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамдарға ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды, арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсынуға өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) мүгедектігі бар адамнан сенімхат алған адам жүгінген кезде нотариалды куәландыруды талап етпейтін мүгедектігі бар адамнан сенімхат. Еңбекке мертігуден немесе кәсіптік аурудан мүгедектігі бар адамдардың протездік-ортопедиялық көмек алуына өтініш берген кезде қосымша мәліметтер сұратылады:
1) өндірістегі мүгедектікке әкеп соққан жазатайым оқиға туралы;
2) кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауру алынған жұмыс беруші – дара кәсіпкердің қызметін тоқтату немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Жеке басты куәландыратын, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттар туралы, мүгедектігі туралы, АОЖБ-ның әзірленген іс-шаралары туралы, мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы, жұмыс берушінің қызметін тоқтату туралы мәліметтер – тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, кінәсінен жұмыста мертігу немесе кәсіптік ауру алынған дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны таратуды қалалық басқармалар, жұмыспен қамту бөлімдері, Мемлекеттік корпорация электрондық құжаттар нысанында, уәкілетті лауазымды адамдардың ЭЦҚ-сымен алады. ҰОC қатысушылары, ҰОC мүгедектігі бар адамдары және ҰОC мүгедектігі бар адамдарына теңестірілген адамдар өтінішке ҰОC қатысушысы, ҰОC мүгедектігі бар адамы немесе ҰОC мүгедектігі бар адамына теңестірілген адам куәлігін қоса береді. веб-порталға: өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру үшін құжаттарды рәсімдеу көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары келесі интернет-ресурстарда орналастырылған:
1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган – www. enbek.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2. Мемлекеттік корпорацияның – www. gov.kz.
Өтініш берушінің жұмыспен қамту бөлімдерінің анықтамалық қызметтері, "1414" Бірыңғай байланыс орталығы, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.
Уәкілетті мемлекеттік орган Қағидаларға өзгерістер ж"не (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні оны өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.Жүктеу

 

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес, мүгедектігі бар
адамдарды протездік-
ортопедиялық көмекпен,
техникалық көмекші
(компенсаторлық) құралдармен,
арнаулы жүріп-тұру
құралдарымен, оларды
ауыстыру мерзімдерін қоса
алғанда, қамтамасыз
ету қағидаларына
14-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен дайындалған протездік-ортопедиялық құралдар мен протездік-ортопедиялық аяқ киімге арналған ведомость

      __________________________________________________________________

                  протездік-ортопедиялық көмек көрсететін ұйымның атауы

№

Тапсырыс

ТАӘ (бар болса)

Тіркелген мекенжайы және телефоны

Жеке басты куәландыратын және
мүгедектікті белгілеу туралы құжаттар, АОЖБ

Жеңілдіктер үшін негіздеме, бағыты

Шифр

Саны

Бірлік үшін бағасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

                 
               

Жүктеу

      кестенің жалғасы

Бұйымның толық бағасы

Мемлекеттік тапсырыс бойынша бағасының үлесі

Алушының қосымша төлемі

Протездік-ортопедиялық бұйымның алдыңғы дайындалған күні2

Протезделетін аяқ-қолды көрсете отырып, протездік-ортопедиялық бұйымның атауы

Ұсынылатын ауыстыру мерзімі

Ұсынылатын протездік-ортопедиялық бұйымның атауы

10

11

12

13

14

15

16

             
           

Жүктеу

      Күні 20 ___ ж. "____" ___________

      ПК көрсетуші _______/_________________________

      қолы / қолының таратылып жазылуы

      МО

      Ескерту: 2 Жөндеу көрсетілмеген

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес, мүгедектігі бар
адамдарды протездік-
ортопедиялық көмекпен,
техникалық көмекші
(компенсаторлық) құралдармен,
арнаулы жүріп-тұру
құралдарымен, оларды
ауыстыру мерзімдерін қоса
алғанда, қамтамасыз
ету қағидаларына
15-қосымша

      Нысан

 

__________________________
сурдотехникалық құралды
жеткізушінің атауы

Есту аппаратын алу және баптау (естуді протездеу) бойынша көрсетілген қызметтер ведомосы

Р/с №

Өтініш беру күні

Мүгедектігі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Мүгедектік (санаты)

Мекен-жайы және телефоны

Есту аппаратын алуға және күйге келтіруге басқарманың жолдамасының берілген күні және нөмірі (естуді протездеу) Кіммен жіберілді

1

2

3

4

5

6

7

             
           

Жүктеу

      кестенің жалғасы

Есту аппаратын алу және баптау (естуді протездеу) күні

Есту аппараттарының моделі

Есту қабілетінің төмендеу дәрежесі көрсетілген оң немесе сол құлаққа есту аппараты

Есту аппаратының құны

Мүгедектігі бар адамның (заңды өкілдің) қолы

8

9

10

11

12

         
       

Жүктеу

      Күні 20 ___ ж. " ____" ___________

      Сурдотехникалық құралды жеткізуші _______/___________________________

      қолы / қолының таратылып жазылуы

      МО

 

Мүгедектігі бар адамды
абилитациялаудың және
оңалтудың жеке бағдарламасына
сәйкес, мүгедектігі бар
адамдарды протездік-
ортопедиялық көмекпен,
техникалық көмекші
(компенсаторлық) құралдармен,
арнаулы жүріп-тұру
құралдарымен, оларды
ауыстыру мерзімдерін қоса
алғанда, қамтамасыз
ету қағидаларына
16-қосымша

      Нысан

 

___________________________
сурдотехникалық құралды
берушінің атауы

Кохлеарлық имплантқа сөйлеу процессорын ауыстыру және баптау бойынша көрсетілген қызметтердің ведомосы

Р/с №

Өтініш беру күні

Кохлеарлық импланты бар мүгедектігі бар адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туған күні

Мүгедектік (санаты)

Мекен-жайы және телефоны

Сөйлеу процессорын ауыстыруға басқарманың жолдамасының берілген күні және нөмірі. Кіммен жіберілді

1

2

3

4

5

6

7

             
           

Жүктеу

      кестенің жалғасы

Сөйлеу процессорын ауыстыру және баптау бойынша қызметті алу күні

Сөйлеу процессорының түрі (моделі)

Оң немесе сол құлақтың сөйлеу процессоры

Сөйлеу процессорының құны

Мүгедектігі бар адамның (заңды өкілінің) құны

8

9

10

11

12

         
       

Жүктеу

      Күні 20 ___ ж. "____"___________

      Сурдотехникалық құралды беруші _______/_________________________

      қолы / қолының таратылып жазылуы

      МО

 

«Мүгедектерді арнайы көлікпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Дата публикации
13 ноября 2020