Құрметті аудан тұрғындары!!!
2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауын дайындау және өткізу кезеңінде Астрахан ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау бөлімінің базасында Call-орталығы құрылды.
Азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу мәселелері бойынша, азамат сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлау учаскесінің орналасқан жері және дауыс беру күні туралы 2-28-22 телефоны, astrahan_org@akmo.kz электрондық пошта арқылы білуге болады.
Астрахан ауданы сайлаушыларының мәліметтерін (тізімдерін) қалыптастыруға және өзектендіруге жауапты тұлға «Астрахан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің басшысы Қымбат Мұқышева.
Сондай –ақ, аудан әкімінің сайтында «Сайлаушылар тізімінен өзіңізді табыныз, өз сайлау участкеңізді табыныз» деген бет бар екенін хабарлаймыз.