БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ Астрахан ауданы Новочеркасск  ауылдық округінің Новочеркасск ауылының шекараларын (шегін) белгілеу  туралы

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ

Астрахан ауданы Новочеркасск  ауылдық округінің Новочеркасск ауылының шекараларын (шегін) белгілеу

 туралы

          Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 5460,3 гектар Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округінің Новочеркасск ауылының шекаралары (шегі) белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Астрахан ауданының әкімі                                                           Т.Ерсеитов

 

Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы                         М.Қожахмет

 

 

Дата публикации
01 октября 2025