ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛІГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

Ақмола облысы бойынша экология департаменті Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің 72-бабының талаптарын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 231 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру (бастапқы)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы 6-тармағының талаптарын басшылыққа ала отырып, Сіздің мекенжайыңызға «Aina Resources» ЖШС-нің 12.09.2025ж. № KZ87RVX01479834ықтимал әсерлері туралы есепті құзыреті шеңберінде қарау және ескертулер мен ұсыныстар беру үшін жолдайды.

«Қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 231 бұйрығына сәйкес: мүдделі мемлекеттік органдар бірыңғай жүйе арқылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымы, ал жұртшылық пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына өз ескертпелері мен ұсыныстарын көрсетілетін қызметті беруші жіберген және (немесе) орналастырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында ауызша жібереді.

Ұсыныстар мен ескертулерді белгіленген мерзімнен кешіктірмей жолдауды, сондай-ақ akmola-ecodep@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайға қайталап жолдауды сұраймыз.

Қосымша: 3

 

 

Басшы          М. Кукумбаев

 

 

Орынд.: Н. Бегалина

Тел.:76-10-19

Дата публикации
16 сентября 2025