Хабарлама

«Ақмола облысының табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу

басқармасы» ММ

 

«Ақмола облысы Астраханауданы

әкімінің аппараты» ММ

(шаралар қабылдау үшін)

Ақмола облысы бойынша экология департаменті Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің 72-бабының талаптарын орындау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 231 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру (бастапқы)» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасы 6-тармағының талаптарын басшылыққа ала отырып, тиісті шаралар қабылдау үшін «Aina Resources» ЖШС-нің 12.09.2025ж. № KZ87RVX01479834ықтимал әсерлер туралы есеп материалдарын ресми интернет-ресурстарында орналастыру үшін Сіздің мекен-жайыңызға жолдайды.

Бірінші адресатқа Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол бермеу мақсатында мәселелерді шешуге көмек көрсету бойынша қосымша шаралар қабылдау үшін.

Екінші адресатқа тиісті шаралар қабылдау үшін.

Қабылданған шаралар туралы 16.09.2025 ж. кешіктірмей                                   akmola-ecodep@ecogeo.gov.kz  электронды мекен-жайға хабарлауыңызды сұраймыз.

Қосымша: 3

 

 

Басшы          М. Кукумбаев

 

 

 

Орынд.: Н. Бегалина

Тел.:76-10-19

 

Хабарлама

 

Ақмола облысы бойынша экология департаменті 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400 - VI ҚРЗ ҚР Экологиялық кодексінің 72-бабына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 231 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес келесіні хабарлайды:

Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің жергілікті атқарушы органдары көрсетілетін қызметті берушіден ықтимал әсерлер туралы есептің жобасын алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны жария талқылау үшін өздерінің ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

Мүдделі мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы, ал жұртшылық пошта арқылы көрсетілетін қызметті берушіге ықтимал әсерлер туралы есеп жобасына өз ескертпелері мен ұсыныстарын көрсетілетін қызметті беруші жіберген және (немесе) орналастырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде немесе қоғамдық тыңдауларды өткізу барысында ауызша жібереді.

Осыған байланысты ұсыныстар мен ескертулерді белгіленген мерзімнен кешіктірмей жолдауды, сондай-ақ akmola-ecodep@ecogeo.gov.kz электрондық мекенжайға қайталап жолдауды сұраймыз.

Дата публикации
16 сентября 2025