ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, фермерлік қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін           10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша қайтадан конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімдігі қайтадан конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап оң бес күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 34 мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 27 қарашадан бастап 2020 жылғы 14 желтоқсанның қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: 2020 жылдың 15 желтоқсанда сағат 18.00-де мекен-жай Щучинск қаласы, Абылайхан көшесі, 32.

Дата публикации
13 ноября 2020