Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

 

Жоба

 

 

Арнаулы әлеуметтік

қызметтер көрсетуге

тарифтерді бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17 тармақшасына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері бекітілсін.
  2. Астрахан ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола облысы бойынша филиалына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіне енгізсін;

2) осы қаулыны Астрахан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғанынан кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                                                           Т. Ерсейітов

 

 

 

Астрахан ауданы әкімдігінің

2025 жылғы «____» _______

№ ________ қаулысына

қосымша

 

 

1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

 

 

№

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне 1 қызмет алушының тарифі

(теңге)

Кіші түрі

Қызмет алушының жағдайы

1

2

3

4

5

1.

Үйде қызмет көрсету

 

 

2 147,39

 

Дата публикации
28 августа 2025