Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

Жобаны стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қамту аясын айқындау (скрининг кезеңі) «Ақмола облысы Астрахан ауданы Зеленое ауылының дамыту және салу схемалары (халық саны аз елді мекеннің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы)»

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «СК РАОЛ «ИНВЕТ» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші:  Астрахан ауданының «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Нурбаева А.Ж.

 

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2040 жыл.

Уәкілетті    орган:    Қазақстан    Республикасы    Экология                            және       табиғи ресурстар министрлігі.

 Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу

 мерзімі: 2025 жылғы 07 шілдеден бастап 2025 жылғы 21 шілдеге дейін. (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылдың 21 шілде).

 

 Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 776-941-42-11; 8 (7172) 74-02-83

e-mail: r.orynbasarova@ecogeo.gov.kz; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

  • электронды түрде Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);
  • e-mail: orynbasarova@ecogeo.gov.kz; ; b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kzz

- «WhatsApp» номері: 8 776-941-42-11, 8 (7172) 74-02-83

 

СЭБ бойынша материалдар орналастырылған:

Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі - «Негізгі құжаттар» бөлімі - «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Тапсырыс берушінің сайтына.

Дата публикации
02 июля 2025