Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 2) және 8-1) тармақшаларына, 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 2 және 4-тармақтарына сәйкес, «Маяк» газетінің редакциясы үгіт жұмыстары үшін ақпараттық хабарлама жариялауға баспа алаңын ұсынады.
Сайлауалды үгіт материалдарын жариялау туралы келісімшарттар 2025 жылғы 23 маусымнан бастап жасалады. Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні – 2025 жылғы 11 шілде.
Редакция үгіт материалдарын жариялау кезектілігін олардың келіп түсу ретіне қарай белгілейді.
«Маяк» газетінің беттерінде материалдардың орналасуын редакция өзі анықтайды.
«Маяк» газетінде үгіт материалдары «Сайлау-2025» айдарымен жарияланады.
Сайлауалды үгіт науқаны кезеңінде кандидаттарға баспа алаңын ұсыну құны бір шаршы сантиметр үшін 150 (жүз елу) теңгені құрайды.
Сайлау материалдарын жариялау үшін төлем мөлшері де бір шаршы сантиметр үшін 150 (жүз елу) теңге.