Астрахан ауданының Есіл, Жалтыр, Николаев, Первомай, Ұзынкөл ауылдық округтерінің әкімдерін және Каменка ауылының әкімін кезекті сайлауды тағайындау туралы.

Астрахан ауданының
Есіл, Жалтыр, Николаев, Первомай, Ұзынкөл

ауылдық округтерінің әкімдерін және Каменка ауылының әкімін

кезекті сайлауды тағайындау туралы.

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және
8-1 тармақшаларына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына,
2 және 4 тармақтарына сәйкес, Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Астрахан ауданының Есіл, Жалтыр, Николаев, Первомай, Ұзынкөл ауылдық округтерінің әкімдерін және Каменка ауылының әкімін кезекті сайлауды  өткізу 2025 жылғы 13 шілдеге  тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауылдық округтердің әкімдерін кезекті сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
    іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Маяк» газетінде жариялансын.

 

 

Комиссия  төрағасы                                                                         Б. Сагнаев

 

Комиссия  хатшысы                                                                         К. Кусаинов

Дата публикации
04 июня 2025