АНОНС
Ақмола облысының Астрахан ауданы әкімдігінде cыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталуы туралы
Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі 01.05-07.05.2025 жыл аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Талдауға қатысу сұрақтары бойынша «Астрахан ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік – құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы - Амангелді Кеңесұлы Башаровқа 2025 жылғы 25 сәуірге дейін келесі 2-28-89 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.
