Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.
Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.
Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Балкашинауылы, Абылай хан көшесі, 119 үй мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 30 қарашадағы бастап 2020 жылғы 18 желтоқсандағы қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады.Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.
Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 21 желтоқсандағы сағат 21.00-де Ақмола облысы, Балкашин ауылы, Абылай хан көшесі, 117, 1 қабат, мәжіліс залы мекен-жайы бойынша шығарылады.