«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 8-1 тармағына, 113-1 бабының 1 тармағының 1, 2 тармақшаларына, 3, 4 тармақтарына сәйкес, Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ақмола облысы Астрахан ауданы Астрахан, Новочеркасск, Старый Колутон ауылдық округтердің әкімдерін кезекті сайлау және өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан Острогорск ауылдық округінің әкімін сайлауды өткізу 2025 жылғы 11 мамырға тағайындалсын.
- Әкімдерді сайлауды әзірлеу және өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Маяк» газетінде жариялансын.