Ақмола облысы Астрахан ауданы Астрахан, Новочеркасск, Старый Колутон ауылдық округтерініңәкімдерін кезекті сайлау және Острогорск ауылдық округтің әкімін кезектен тыс сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық  заңының14 бабының  6 тармақшасына,  21 баптың 4тармағына  сәйкес, Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астрахан ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша - Астрахан ауданыАстраханауылдық округінің шекарасындағы  Астрахан сайлау округі құрылсын.
  2. Новочеркасск ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша - Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округінің шекарасындағы  Новочеркасск  сайлау округіқұрылсын.
  3. Старый Колутон ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша - Астрахан ауданы Старый Колутон ауылдық округінің шекарасындағы  Старый Колутон  сайлау округіқұрылсын.
  4. Острогорск ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша - Астрахан ауданы Острогорск ауылдық округінің шекарасындағы  Острогорск  сайлау округіқұрылсын.
  5. Сайлау округтердің шекаралары,аумақтық сайлау комиссиясының құрамы мен орналасқан жеріАстраханаудандықаумақтық сайлау  комиссиясыныңинтернет-ресурсында,аудандық «Маяк»газетіндежариялансын.
Дата публикации
02 апреля 2025