«ПАРЫЗ-2025» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Республикалық конкурсқа қатысыңыз!

«ПАРЫЗ-2025» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі

Республикалық конкурсқа қатысыңыз!

 

2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз"конкурсын жыл сайын өткізу белгіленді.

Конкурс халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Конкурс номинациялары:

"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын".

"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын".

"Үздік ұжымдық шарт".

"Экологияға қосқан үлесі үшін".

         Байқауда «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» арнайы сыйлығы тағайындалады.

         Осы арнайы сыйлықта жұмыспен қамтуға және халықтың әлеуметтік  осал және аз қамтылған топтарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға  ықпал ететін  бизнес іске асыратын әлеуметтік жобалар қарастырылады.

          Гран-при конкурстың ең жоғары наградасы жұмыста және копоративтік  әлеуметтік  осал және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын  іске асыруда барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.

         Гран-при «Ірі кәсіпкерлік субъектісі», «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі» санаттарында беріледі.

Конкурсқа қатысу тегін болып табылады.

Үміткерлердің қатысуға өтінімдерін жергілікті атқарушы орган қағаз және электрондық жеткізгіштерде қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша олар республикалық комиссияға оқуға жіберіледі, ол конкурс лауреаттары атақтарын беру туралы шешім қабылдайды.

Конкурсты өткізу мақсаттары:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін де, тұтастай қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

2) осы саладағы оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер материалдарды жергілікті атқарушы органдарға екі данада жолдайды:

1) толтырылған өтінім;

2) үміткердің өз қызметі деңгейінің өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі.

3) есепке қосымша (Ұжымдық шарттың көшірмесі және өзге де құжаттар);

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі белгілеген нысан бойынша толтырылған және оның интернет-ресурсында орналастырылған сауалнама.

Құжаттарды қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін.

Толық ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтынан алуға болады www.enbek.gov.kz. Астрахан ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсының ресми сайты: http://astrahan.gov.kz немесе Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, мына мекен-жай бойынша: Астрахан  ауылы, Әл-Фараби көшесі-50, 48 каб, телефон 2-25-34.

Дата публикации
01 апреля 2025