Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2025 жылдың сәуірінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша «Астрахан ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Башаров Амангелді Кеңесұлына мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 2-28-89, 2-35-61, қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде қабылданады.