ХАБАРЛАМА

Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі шаруа қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

Ақмола облысы Астрахан ауданының әкімдігі конкурс өткізу туралы хабарлама бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдауды бастайды.

Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50, мекен-жайы бойынша 2020 жылғы 26 қазаннан бастап 2020 жылғы 13 қарашаны қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Конкурстың аяқталған күні қорытынды шығарылған күн болып есептеледі. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі.

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 16 қарашадағы сағат 10.00-де Ақмола облысы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50, мекен-жайы бойынша шығарылады.

Дата публикации
28 октября 2020