Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте (Венгрия) өтетін сайлауды ұйымдастырушылардың жалпы конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Биыл мереке 3 ақпанда атап өтіледі.
Дүниежүзілік сайлау күнін құру арқылы сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласындағы мамандар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселесіне адамдардың назарын аударуды мақсат етті.
Бұл күнді өткізудің негізгі мақсаттары қоғам санасында демократияландыру процесінің қайтымсыздығын орнықтыру, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету, жас сайлаушыларда демократиялық құндылықтарға бейілділікті қалыптастыру болып табылады.
Астрахан ауданының сайлау процесінің барлық қатысушыларын Дүниежүзілік сайлау күнімен құттықтаймыз!
Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы