«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 8-1 тармақшасына, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 тармағына сәйкес, «Астрахан ауданының Колутон ауылдық округінің әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы» Астрахан ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 5 ақпандағы № 6/16 қаулысына сәйкес 2025 жылдың 16 наурызға Колутон ауылдық округінің әкімінің сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Колутон ауылдық округінің әкімінің кезекті сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол Астрахан ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылған (Астрахан ауданы әкімдігінің сайты, «Сайлау» қосымша беті).
Астрахан ауданының аумақтық сайлау комиссиясы