Жер комиссиясының 2025 жылғы 24 қаңтардағы ХАТТАМАСЫ № 1

ХАТТАМА № 1

Астрахан ауданының

әкімдігінің жанындағы аудандық жер комиссиясының отырысы

 

Астрахан ауылы                                                                               «24» қаңтар  2025 жыл

 

Комиссия құрамында:

Мұқанов Р.Ж.

аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

Мұхамеджанов Н.А.

ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары;

Баймолдина М.М.

ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы;

Қалабаев Қ.С.

ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы;

Башаров А.К.

аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы;

Мұқышева Қ.С.

құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы;

Бейсенбенов А.А.

Кәсіпкерлер палатасының Астрахан аудандық филиалының директоры;

Тамабеков Д.Т.

Астрахан ауданы әкімдігі жанындағы «Комхоз» ШЖҚ МКК заңгері;

Орман Ж.А.

Астрахан ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы;

Малов А.Г.

Астрахан ЛТЦ «Казактелеком» акционерлік қоғамының инженері;

Оспанова З.Ж.

«Марьям-Агро» ЖШС директоры

 

 

К Ү Н      Т Ә Р Т І Б І

 

  1. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ауданы 26,9 га, Астрахан ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы су тасқыны жағдайларын болдырмау мақсатында Баксук өзенін реттеу үшін, жер теліміне  5 жыл мерзімге уақытша өтеусіз  жер пайдалану құқығын беру.
  2. «Frescanto» ЖШС ауданы 17,5 га, өндірістік, коммерциялық мақсаттағы және көлік инфрақұрылымы объектілерін салу және қызмет көрсету үшін, жер теліміне  5 жыл мерзімге уақытша өтеулі (қысқа мезімге)  жер пайдалану (жалдау) құқығын беру. (Жалтыр ауылдық округі)
  3. К.А. Карпеев ауданы 0,0200 га, жеке меншік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, жер теліміне жеке меншік құқығын беру. (Астрахан ауылы, Победа көшесі, 70 үй, 4 пәтер).

 

 

  1. «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ауданы 26,9 га, Астрахан ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы су тасқыны жағдайларын болдырмау мақсатында Баксук өзенін реттеу үшін, жер теліміне 5 жыл мерзімге уақытша өтеусіз  жер пайдалану құқығын беру.
  2. Комиссия төрағасы Р. Ж. Мұқанов комиссияны «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ауданы 26,9 га, Астрахан ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы су тасқыны жағдайларын болдырмау мақсатында Баксук өзенін реттеу үшін,  жер теліміне  5 жыл мерзімге уақытша өтеусіз  жер пайдалану құқығын беру өтінішімен таныстырды.

         Тапсырылған құжаттар: берілетін жер телімінің сызбанұсқасы.

   Материалдармен және талқылаулармен танысқаннан кейін, комиссия бірауыздан  

Қ О Р Т Ы Н Д Ы Л А Д Ы:

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (жерге орналастыру жобасын ұсынғаннан кейін) болжамды ауданы 26,9 га, Астрахан ауданы Жаңатұрмыс ауылындағы су тасқыны жағдайларын болдырмау мақсатында Баксук өзенін реттеу үшін,  жер теліміне  5 жыл мерзімге уақытша өтеусіз  жер пайдалану құқығы берілсін.

 

 

  1. «Frescanto» ЖШС ауданы 17,5 га, өндірістік, коммерциялық мақсаттағы және көлік инфрақұрылымы объектілерін салу және қызмет көрсету үшін, жер теліміне  5 жыл мерзімге уақытша өтеулі (қысқа мезімге)  жер пайдалану (жалдау) құқығын беру. (Жалтыр ауылдық округі).
  2. Комиссия төрағасы Р. Ж. Мұқанов комиссияны «Frescanto» ЖШС ауданы 17,5 га, өндірістік, коммерциялық мақсаттағы және көлік инфрақұрылымы объектілерін салу және қызмет көрсету үшін, Жалтыр ауылының елді мекен санатынан, жер теліміне 5 жыл мерзімге уақытша өтеулі (қысқа мезімге)  жер пайдалану (жалдау) құқығын беру өтінішімен таныстырды.

         Тапсырылған құжаттар: берілетін жер телімінің сызбанұсқасы, «Бірыңғай индустрияландыру картасын бекіту туралы» Қазақстан республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №534бұйрығы.

   Материалдармен және талқылаулармен танысқаннан кейін, комиссия бірауыздан  

Қ О Р Т Ы Н Д Ы Л А Д Ы:

«Frescanto» ЖШС, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты, (жерге орналастыру жобасын ұсынғаннан кейін) болжамды ауданы 17,5 га, Жалтыр ауылдық округінің аумағынан, өндірістік, коммерциялық мақсаттағы және көлік инфрақұрылымы объектілерін салу және қызмет көрсету үшін, жер теліміне  5 жыл мерзімге уақытша өтеулі (қысқа мезімге)  жер пайдалану (жалдау) құқығы берілсін.

 

  1. К.А. Карпеев ауданы 0,0200 га, жеке меншік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, жер теліміне жеке меншік құқығын беру. (Астрахан ауылы, Победа көшесі, 70 үй, 4 пәтер).
  2. Комиссия төрағасы Р. Ж. Мұқанов комиссияны Константин Андреевич Карпеевтың ауданы 0,0200 га, жеке меншік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, Астрахан ауылы, Победа көшесі, 70 үй, 4 пәтер мекен жайы бойынша орналасқан жер теліміне жеке меншік құқығын беру өтінішімен таныстырды.

         Тапсырылған құжаттар: берілетін жер телімінің сызбанұсқасы.

   Материалдармен және талқылаулармен танысқаннан кейін, комиссия бірауыздан  

Қ О Р Т Ы Н Д Ы Л А Д Ы:

            Константин Андреевич Карпеевке (жерге орналастыру жобасын ұсынғаннан кейін) болжамды ауданы 0,0200 га, Астрахан ауылы, Победа көшесі, 70 үй, 4 пәтер, жеке меншік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, жер теліміне  3 жыл мерзімге уақытша өтеусіз  жер пайдалану құқығы берілсін.

 

 

Комиссия төрағасы:            

                                                                                         

                                      Р.Ж. Мұқанов

 

Комиссия хатшысы:

Комиссия мүшелері:

                                      М.М. Баймолдина

 

                                      Н.А. Мұхамеджанов

 

                                      К.С. Қалабаев

 

                                     А.К. Башаров

 

                                     Қ.С. Мұқышева

 

 

                                     А.А. Бейсенбенов

                                         

                                     Д.Т. Тамабеков

 

 

                                      Ж.А. Орман

 

                                      

 

                                      А.Г. Малов

 

                                      З.Ж. Оспанова

 

 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 февраля 2025