Астрахан ауылы село Астраханка
Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 8С-17-2 «Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
11-тармақ келесі мазмұндағы 1) тармақшамен толықтырылсын:
«жасы бойынша зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде 2 жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерде (әзірленген абилитациялау және оңалту жеке бағдарламасына сәйкес санаториялық-курорттық емдеу қызметтері ұсынылатын мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда);
мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жолдама берілген, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің санаторий-курорттық емдеуге алып жүруіне, жылына 1 рет санаторий-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |