Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ мамандарына лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы

ЖОБА

 

Астрахан аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

 

 

Астрахан ауылы                       № ______                                    2024 жыл

        

 

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ мамандарына лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы

 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің    2015    жылғы    31    желтоқсандағы    №    1193    қаулысының     5-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Астрахан ауданының әкімдігі белгілеген тәртіппен және шарттарда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандарына жергілікті бюджет қаражаты есебінен лауазымдық жалақыларына 30 пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін.
  2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Астрахан аудандық мәслихатының

төрағасы

     

 

 

           М. Кожахмет

 

 

 

Дата публикации
29 ноября 2024