2024 жылғы 1 қазанға Астрахан ауданы
бюджетінің атқарылу
қорытындысы
Кірістер
2024 жылдың 1 қазанға жағдай бойынша аудан бюджетіне МӘМ есебімен 4 022 006,8 мың теңге немесе жоспарға 78,6% (1.10.23 ж. – 102,9%) түсті.
Өз табыстары бойынша 1 138 434,2 мың теңге немесе жоспарға 102,6% түсті (табыс салығы, салықтық емес түсімдер, Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен 28 908,9 мың теңгеге асыра орындалды).
Шығыстар
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің атқарылуы 22,1 пайыздық тармаққа азайып, 5 219 008,6 мың теңге жоспарына 77,1 % немесе 4 021 391,9 мың теңгені құрады, 1 197 616,7 мың теңге игерілмеген, оның ішінде:
Республикалық бюджеттің, ұлттық қордың трансферттері, ҚРҮ резерві жоспар 3 259 565,1 мың теңге болғанда 2 062 377,9 мың теңгеге немесе 63,3%-ға игерілді. 1 197 187,2 мың теңге сомасындағы қаражат қалдығы, олардың ішінде:
Объективті 776 322,0 мың теңге, оның ішінде: 40,3 мың теңге кезеңге үнемдеу (жалақы); 776 281,7 мың теңге ҚР Үкіметінің резерві бойынша трансферттер түскен жоқ (Колутон, Жамбыл, Каменка, Камышенка, Степное, Оксановка ауылдарына кірме жолдарды орташа жөндеу),
Субъективті-420 865,2 мың теңге, оның ішінде: 111 573,1 мың теңге Жамбыл ауылында су құбыры желілерін салу, ЖСҚ түзету жүргізілуде, 309 292,1 мың теңге Новочеркасск ауылында спорттық ғимараты бар мәдениет үйін салу, жұмыс жүргізу кестесінен артта қалу (ауданның құрылыс бөлімі өнім берушіні жосықсыз деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы 30.09.2024 ж. №01-16/500 экономикалық сотқа талап арыз берді).
Облыстық бюджет трансферттері - жоспар 477 910,7 мың теңге болғанда 477 758,9 мың теңгеге немесе жоспардың 100,0% игерілді, қалдық 151,8 мың теңге, оның ішінде: 114,3 мың теңге ЖАО төтенше резерві есебінен іс - шаралар өткізу-талап етілмеген қаражат (алушылар санын азаюы).
Аудандық бюджет МӘМ ескеріле отырып, жоспар 1 453 842,8 мың теңге болғанда 1 453 565,1 мың теңгеге немесе 100%-ға орындалды, 277,7 мың теңге игерілмеген:
191,0 мың теңге жеткізушінің электрондық шот-фактураларды уақтылы ұсынбауы;
86,7 мың теңге кезеңге үнемдеу, қалдық дөңгелектеу есебінен.
2024 жылғы 1 қазанға арналған Астрахан ауданының даму бюджеті бойынша жоспар 1 875 280,1 мың теңгені құрайды, 1 454 414,8 мың теңге немесе 77,6% игерілді, 420 865,3 мың теңге игерілмеді.