ЖОБА
БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ ШЕШІМ
Астрахан ауданы Первомай ауылдық округінің Камышенка елді мекенінің шекараларын белгілеу
және өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Камышенка ауылы басқару органдарының пікірін ескере отырып, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
осы бірлескен Астрахан ауданының әкімдігінің қаулысына және мәслихаттың шешіміне сәйкес жалпы ауданы 185,0 га Астрахан ауданы Первомай ауылдық округінің әкімшілік шекараларындағы босалқы жерлер санатынан Камышенка елді мекенінің жер санатына қосу және Камышенка елді мекенінің жер санатынан 185 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатынан алып тастау жолымен, Камышенка елді мекенінің шекарасы жалпы ауданы 1650 га болып белгіленсін.
Астрахан ауданының әкімі Т. Ерсейітов
Астрахан аудандық мәслихаттың төрағасы М. Қожахмет