Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ішкі саясат бөлімінің жанындағы « Астрахан ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандарының лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы

ЖОБА Астрахан аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Астрахан ауылы                       № ______                                    2024 жыл

        

Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ішкі саясат бөлімінің жанындағы « Астрахан ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандарының лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің    2015    жылғы    31    желтоқсандағы    №    1193    қаулысының     5-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Астрахан ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Астрахан ауданының ішкі саясат бөлімінің жанындағы «Астрахан ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандарының лауазымдық айлықақыларына есебінен 30 пайыз мөлшерінде ынталандырушы үстемеақылар белгіленсін.
  2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Астрахан аудандық мәслихатының

төрағасы

  

 

 

М. Кожахмет

 

 

 

Дата публикации
16 августа 2024