2024 жылғы 1 маусымына Астрахан ауданы
бюджетінің атқарылу
қорытындысы
Кірістер
2024 жылғы 1 шілдегі жағдай бойынша аудандық бюджетке МӘМ есебімен 1 670 388,8 мың теңге немесе жоспарға 104,4 % (1.07.23 ж. – 102,6%) түсті.
Өз табыстары бойынша 800 065,8 мың теңге немесе жоспарға 109,7% түсті (табыс салығы, жер салығы, көлік құралдары салығ ы, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер есебінен 70 643,0 мың теңгеге асыра орындалды).
Шығыстар
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің атқарылуы 0,1 пайыздық тармаққа азайды, 1 642 833,8 мың теңге жоспарына 99,9% немесе 1 641 821,6 мың теңгені құрады, 1 012,2 мың теңге игерілмеген, оның ішінде:
Республикалық бюджеттің трансферттері жоспар 347 280,0 мың теңге болғанда 347 245,3 мың теңгеге немесе 100 %- ға игерілді. 34,7 мың теңге сомасындағы қаражат қалдығы- ЕАҚ бойынша үнемдеу.
Облыстық бюджет трансферттері - жоспар 229 360,1 мың теңге болғанда 229 245,5 мың теңгеге немесе жоспардың 100,0% игерілді, қалдық 114,6 мың теңге, оның ішінде: 114,3 мың теңге ЖАО төтенше резерві есебінен іс - шаралар өткізу-талап етілмеген қаражат (алушылар санын азаюы), 0,3 мың теңге-дөңгелектеу есебінен қалдық
Аудандық бюджет МӘМ ескеріле отырып, жоспар 1 066 193,7 мың теңге болғанда 1 065 330,8 мың теңгеге немесе 99,9 % - ға орындалды, 862,9 мың теңге игерілмеді:
89,3 мың теңге - ЕАҚ бойынша үнемдеу;
600,1 мың теңге - бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарды сапасыз талдауы (аппарат әкімі);
67,8 мың теңге – ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерін қайта ұйымдастыруға байланысты екінші жартыжылдыққа жазылу үшін шарттар бұзылды;
105,7 мың теңге - дөңгелектеу есебінен қалдық.
Астрахан ауданының 2024 жылғы 1 шілдегі арналған даму бюджеті бойынша жоспар 341 085,1 мың теңгені құрайды, 100,0% игерілді.
Аудандық деңгейден төмен игеру пайызы 1-ші ББӘ-ге жіберілді:
- Аппарат әкімі – 99,6% (субъективті себептер бойынша – бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарды сапасыз талдауы (600,1 мың теңге).
Бюджеттік бағдарламалардың қалған әкімшілері орындаудың жоғары пайызына - 99,9 - 100 % қол жеткізді.