Кірістер
2024 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша аудан бюджетіне МӘМ есебімен 2 740 066,9 мың теңге немесе жоспарға 102,4% (1.08.23 ж. – 103,0%) түсті.
Өз табыстары бойынша 905 613,9 мың теңге немесе жоспарға 107,7% түсті (табыс салығы, көлік құралдарына салынатын салық, Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер және т.б. есебінен 64 987,3 мың теңгеге асыра орындалды).
Шығыстар
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің атқарылуы 8,4 пайыздық тармаққа азайып, 2 748 321,7 мың теңге жоспарына 91,2 % немесе 2 507 564,8 мың теңгені құрады, 240 756,9 мың теңге игерілмеген, оның ішінде:
Республикалық бюджеттің, ұ лттық қордың трансферттері жоспар 1 189 221,0 мың теңге болғанда 976 400,0 мың теңгеге немесе 82,1% - ға игерілді. 212 821,0 мың теңге сомасындағы қаражат қалдығы (142 770,1 мың теңге –жұмыс жүргізу кестесінен артта қалу; 70 000,0 мың теңге – орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау).
Облыстық бюджет трансферттері - жоспар 324 549,1 мың теңге болғанда 324 434,5 мың теңгеге немесе жоспардың 100,0% игерілді, қалдық 114,6 мың теңге, оның ішінде: 114,3 мың теңге ЖАО төтенше резерві есебінен іс - шаралар өткізу-талап етілмеген қаражат (алушылар санын азаюы), 0,3 мың теңге-дөңгелектеу есебінен қалдық
Аудандық бюджет МӘМ ескеріле отырып, жоспар 1 206 861,6 мың теңге болғанда 1 206 730,3 мың теңгеге немесе 100 % - ға орындалды, 131,3 мың теңге игерілмеген – қаражатты үнемдеу.
2024 жылғы 1 тамызға арналған Астрахан ауданының даму бюджеті бойынша жоспар 1 181 613,1 мың теңгені құрайды, 968 842,8 мың теңге немесе 82,0% игерілді, 212 770,3 мың теңге игерілмеді (142 770,1 мың теңге –Новочеркасск ауылында спорт ғимараты бар мәдениет үйін салу бойынша жұмыстарды жүргізу кестесінен артта қалу; 70 000,0 мың теңге – Жамбыл ауылында су құбыры желілерін салу бойынша орындалған жұмыстардың актілерін уақтылы ұсынбау).