Байқау
Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі Астрахан ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кітапханасының басшысы бос лауазымына конкурс жариялайды.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 281 379 теңгеден басталады 341 165 теңгеге дейін.
Лауазымдық міндеттері: кітапхананың өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметтеріне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, оның теңгеріміндегі кітапхана қорының сақталуын, толықтырылуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; кітапхана қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тетіктерін анықтайды; заңды тұлғалармен келісім-шарттар жасасады және бұзады, мәмілелер жасайды; бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді; құрылымдық бөлімшелердің жұмыстарын және өзара тиімді әрекеттестігін ұйымдастырады, олардың қызметтерін кітапханалық қызмет көрсетуді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды; ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін тиімді пайдалану және дамыту, өмір сүру мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша шаралар қолданады; ұжымдық шартты дайындауды, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, еңбек уәждемесінің, қызметкерлер бастамалары мен белсенділігінің дамуына ықпал етеді; кітапхана қызметіне қатысты мәселелерді шешеді, қызметтің жеке бағыттарын жүргізуді директордың орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелер жетекшілеріне тапсырады.
Білуі тиіс: Конституцияны; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Еңбек кодексін; Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын; кітапхана ісінің теориясы мен практикасын, отандық және шетел кітапханаларының жұмыс тәжірибесін; ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (гуманитарлық ғылымдар) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы, кітапхана ісі) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Жұмыс өтілі: қалалық, аудандық маңызы бар кітапханалар, филиалдар үшін: мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 3 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 2 жылдан кем емес.
Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер келесі құжаттарды тапсырады: 1) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтінішті; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін; 3) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақты (нақты тұратын мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген); 4) лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелерін; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін; 6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады. Конкурсқа қатысушы болған жағдайда, оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар, конкурс өткізу туралы хабарландыру аудандық «Маяк» газетінде және интернет-ресурста (Астрахан ауданы әкімдігінің сайты) соңғы жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: индекс 020300, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі 50, Еmail: otdelkultury_sport.astr@mail.ru,байланыс теле