2023 жылғы 1 қаңтарға Астрахан ауданы
бюджетінің атқарылу
қорытындысы
Кірістер
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан бюджетіне ЖӨБ есепке алғанда 4 182,1 млн.теңге түсті немесе жоспарға 103,4% (1.12.2021 ж. – 102%).
Меншікті кірістер бойынша 997,7 млн.теңге немесе жоспарға 116,5% түсті (табыс салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы, акциздер, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсімдер есебінен 141,5 млн. теңгеге асыра орындалды).
Шығыстар
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда аудан бюджетінің шығыс бөлігінің атқарылуы 1,3 пайыздық тармаққа азайды және 98,7% - ды немесе 4 289,0 млн. теңгені құрады, жоспарға 4 345,2 млн. теңге, игерілмегені 56,3 млн. теңге, оның ішінде:
Республикалық бюджет трансферттері 379,0 млн. теңге жоспар бойынша 327,0 млн.теңгеге немесе 86,3% игерілді, қалғаны 51,9 млн. теңгені құрады.
Облыстық бюджет трансферттері-жоспардағы 565,3 млн. теңге 561,2 млн. теңгеге игерілді немесе жоспардың 99,3%, қалғаны 4,0 млн.теңгені құрады.
Кредиттер - жоспар 64,3 млн. теңге болғанда 64,3 млн.теңгеге немесе жоспардан 100% игерілді.
Аудандық бюджет ЖӨБ есепке алғанда 3 336,7 млн.теңге жоспар кезінде 3 336,4 млн. теңгеге немесе 100,0% орындалды. Қаражат қалдығы 0,3 млн. теңге сомасында.