Мемлекет мұқтажы үшін
жер учаскесін алып қою туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2023 жылғы 9қазандағыОстрогорск ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы хаттамасының негізінде, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Острогорск ауылдық округі тұрғындарының жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында «Акаев А.О.»шаруа қожалығы жер пайдалануынан кадастрлық нөмірі 01-002-013-210, ауданы 300 га жайылым жер учаскесі алынсын.
- «Акаев А.О.»шаруа қожалығынаОстрогорскауылдық округінің босалқы жерінен алынған жер учаскелерінің орнына (жер пайдаланудың қалған мерзіміне) 300 га жайылымберілсін.
- Астрахан ауданының жер қатынастары бөлімі халықтың мұқтажы үшін алынған жерлерді беру бойынша іс-шаралар жүргізсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Ж. Шахпұтова