Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою туралы

Мемлекет мұқтажы үшін

жер учаскесін алып қою туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Жайылымдар туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»                  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Николаев ауылдық округінің Өрнек және Жамбыл ауылы тұрғындарының жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында «Жетписбаев К.К.»шаруа қожалығының жер пайдалануынан келесі жер учаскелері алынсын:

кадастрлық нөмірі 01-002-040-356, ауданы 96га егістік учаскесі;

кадастрлық нөмірі 01-002-040-358, ауданы 174,3га, оны ішінде 30 га шабындық,144,3 га жайылым учаскесі.

  1. «Жетписбаев К.К.»шаруа қожалығына Николаевауылдық округінің босалқы жерінен алынған жер учаскелерінің орнына (жер пайдаланудың қалған мерзіміне) 270,3 га ауыл шаруашылығы алқаптары берілсін.
  2. Астрахан ауданының жер қатынастары бөлімі халықтың мұқтажы үшін алынған жерлерді беру бойынша іс-шаралар жүргізсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі        Н. Сейілов

Дата публикации
14 марта 2024