Мемлекет мұқтажы үшін
жер учаскесін алып қою туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзу басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес, 2023 жылғы 19 маусымдағы Астрахан ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы хаттамасының негізінде,Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Астрахан ауылдық округінің Тобылжан ауылы тұрғындарының жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында «Капар М.К.»ЖШС жер пайдалануынан мынадай жер учаскелері алынсын:
кадастрлық нөмірі 01-002-029-248, ауданы 170га жайылымучаскесі;
кадастрлық нөмірі 01-002-029-249, ауданы 45га жайылым учаскесі.
- «Капар М.К.»ЖШС Ұзынкөл ауылдық округінің босалқы жерінен алынған жер учаскелерінің орнына (жер пайдаланудың қалған мерзіміне) 215 га жайылымберілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Сейілов