Мемлекет мұқтажы үшін
жер учаскесін алып қою туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Есіл ауылдық округінің тұрғындарының жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында «КДК АГРО»ЖШС жер пайдалануынан келесі жер учаскелері алынсын:
кадастрлық нөмірі 01-002-036-049, ауданы 208 га жайылым;
кадастрлық нөмірі 01-002-034-047 учаскеден, ауданы 375 га жайылым.
- «КДК АГРО»ЖШС Есілауылдық округінің босалқы жерінен алынған жер учаскелерінің орнына (жер пайдаланудың қалған мерзіміне) 165 га егістікберілсін.
- Астрахан ауданының жер қатынастары бөлімі халықтың мұқтажы үшін алынған жерлерді беру бойынша іс-шаралар жүргізсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданы әкімінің
міндетін атқарушы Ж. Шахпұтова