Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қою туралы

 

Мемлекет мұқтажы үшін

жер учаскесін алып қою туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзу басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, 2023 жылғы 23 мамырдағы Колутон ауылының бөлек жиын жиналысының хаттамасына сәйкес Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Смағұл Қ.Е.»шаруа қожалығының жер пайдалануынан Колутон ауылдық округінің Колутон ауылы тұрғындарының жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында, бірыңғай контурлық массив қалыптастыру үшін жер учаскелері алынсын:

кадастрлық нөмірі 01-002-004-103,ауданы 144 га көпжылдық шөптердің астындағы егістікалқап;

кадастрлық нөмірі 01-002-004-102 учаскеден, ауданы56 га көпжылдық шөптердің астындағы егістік алқап.

  1. «Смағұл Қ.Е.»шаруа қожалығына Колутон ауылдық округінің босалқы жерінен алынған жер учаскелерінің орнына (жер пайдаланудың қалған мерзіміне) 200 га егістік берілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Астрахан ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
14 марта 2024