Астрахан ауданының бюджетінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы орындау нәтижелері

Астрахан ауданының бюджетінің

2023 жылғы 1 желтоқсандағы

орындау нәтижелері

          Кіріс

       2023 жылдың 1 желтоқсанына аудандық бюджетке жергілікті өзін-өзі басқару органдарын есепке алғанда 3 790 164,1 мың теңге түсті немесе 3 734 414,0 мың теңге жоспарға 101,5% (2022 жылдың 1 желтоқсанына – 103,3%).

       Меншікті кірістер бойынша 1 329 859,8 мың теңге түсті немесе 1 270 609,8 мың теңге жоспарға 104,7 % (59 250,0 мың теңгеге артық) түсті.

 

          Шығындар

           2023 жылдың 1 желтоқсанына аудан бюджетінің шығыс бөлігінің атқарылуы ағымдағы жоспарға 4 016 145,8 мың теңге 3 857 817,7 мың теңге немесе 96,1 %, игерілгені 158 328,1 мың теңге;

            Республикалық бюджеттік трансферттер 1 130 119,0 мың теңге жоспармен 976 963,8 мың теңге немесе жоспардың 86,4%-ы игерілді, 153 155,2 мың теңге игерілмеді:

             Облыстық бюджеттік трансферттер 1 082 012,2 мың теңге жоспармен 1 082 011,6 мың теңгеге игерілді немесе жоспардың 100%-ы 0,6 мың теңге игерілмеді:

             Аудандық бюджет жергілікті өзін-өзі басқаруды есепке алғанда 1 752 264,6 мың теңге жоспармен игерілгені 1 748 467,3 мың теңге немесе 99,8 %, игерілмегені – 3 797,3 мың теңге:

Несиелер (Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруға) – 51 750,0 мың теңге жоспармен 50 375,0 мың теңге немесе 97,3 % игерілді.

Астрахан ауданының бюджетінің 2023 жылғы 1 желтоқсандағы орындау нәтижелері
Дата публикации
14 января 2024