Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігіне кандидаттарды тіркеу туралы Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:
Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінекандидаттар ретінде тіркелсін: 1. Қожахмет Мейрам Қосманұлы, 1963 жылы туған, Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы. 2. Жумагулов Омар Хамитович, 1961 жылы туған, Астана қ. "МТҚБ "Автошаруашылығы" ШЖҚ РМК көлік құралдарын пайдалану бөлімінің, бастығының орынбасары.