Ақмола облысы аудандарының әкімдеріне кандидаттар үшін ақпарат

Ақмола облысы Ақкөл, Астрахан, Шортанды, Есіл және Жақсы аудандарының әкімдердің сайлауын 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалуына байланыст, 716.kz Ақмола облысының ақпараттық порталы аудан әкімдеріне үміткерлерге сайлау алдындағы үгіт үшін интернет-алаңын ұсынады.

Өзінің насихат материалдарын басып шығару үшін тіркелген кандидаттар немесе олардың сенімді өкілдері портал редакциясына жазбаша өтініш беру тиісті. Өтініште кандидаттың немесе олардың сенімді өкілдерінің тіркелген нөмірі, күні, уақыты, Т.А.Ә. көрсетілу тиісті. Порталмен келісімшарт жасалады. Тіркелушінің өз жеке куәлігі және кандидат куәлігі болу керек.

Құжаттар дайын басылып шығарылған түрде (әр парақта кандидаттың немесе сенімді өкілінің қолы қойылған) және электрондық тасымалдаушыда берілу тиісті. Аудандық маңызы бар қала, ауыл округі, ауыл әкіміне кандидаттарының сайлауалды құжаттары олардың порталмен жасалған келісімшарттарда көрсетіліп түскен күні мен тәртібіне сәйкес 100% алдын-ала төленген соң басылып шығарылады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңындағы талаптарына сай келмейтін мәтіндер басылмайтын болады.

716.kz Ақпараттық порталы сайтында фотосуреті бар бір жарияланымның құны, (мемлекеттік және/немесе орыс тілінде, сондай-ақ, жарияланымға қосымша ретінде бейнеге және екі қосымша фотосуретке жол беріледі) аудан әкімдеріне үміткерлері үшін ҚҚС есебімен 50 000 теңгені құрайды.

Дата публикации
05 октября 2023